14.02.2025 | 12:59
Бөлісу:
4-АЛТЫН! ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ
Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 4-алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0.
Шайба авторлары:
Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд)
Дмитрий Бреус (21:02)
Роман Старченко (37:59)
Кирилл Панюков (42:24)
Кирилл Панюков (44:23)
Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).
Осылайша, ерлер командасы Азия ойындарының 5 дүркін жеңімпазы атанды. Тек 2003 және 2007 жылғы Азиадада күміске ие болған.
Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.
Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫ ЭЛИТАЛЫ ДИВИЗИОНМЕН ҚОШ АЙТЫСТЫ
ХОККЕЙДЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ