Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Әділ Ғалиахметов – Әлем Кубогының қола жүлдегері

Ұқсас жаңалықтар

Германияның Дрезден қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем Кубогының 5-кезеңінде Әділ Ғалиахметов 1000 метрге жарыстың финалында бақ сынап, мәреге үшінші болып келді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алтын және күміс медальды сәйкесінше Оңтүстік Корея спортшылары Пак Дживон мен Чан Сунву иеленді.

Айта кетейік, 500 метр қашықтыққа жүгіруден мәреге бірінші болып келген Денис Никиша қолымен қарсыласына кедергі келтіргені үшін пенальтимен жазаланып, жүлдесіз қалды. Спортшымыз жарысты 5-ші орында аяқтады.

Суреттің авторы - Сали Сабиров.