21.05.2025 | 17:47
Бөлісу:
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КАРТИНГТЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 2-КЕЗЕҢІ ӨТЕДІ
24-25 мамырда Алматы облысында орналасқан «Sokol» спорттық-техникалық кешенінде картингтен барлық жас санатында Қазақстан чемпионатының 2-кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Б
Бәсекенің алғашқы кезеңі бір ай бұрын осы кешенде өткен. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 4 кезеңнің нәтижесінде ұпай саны бойынша анықталады.
Қазір әр класс бойынша көшбасшылар мынадай:
KZ 2 санаты: Артемий Мельников (23 ұпай)
Мини класс: Руслан Логинов (27 ұпай)
OK-J санаты: Марк Валеев (25,5 ұпай)
Rotax Max Senior санаты: Әсет Мирманов
Былтыр 4 кезең нәтижесінде әр санаттағы жеңімпаздарды назарыңызға ұсынамыз:
Мини санаты: Марк Валеев (87.5 балл)
OK-J санаты: Ермолай Пишнограев (104 ұпай)
Rotax Max санаты: Владимир Пак (120.5)
KZ 2 санаты: Артём Ченцов (177)
Фото: Татьяна Дружинина.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: