Бүгін Көкшетау қаласындағы Letto park алаңында автомобиль кросынан Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жалпы биыл ел чемпионатында 30-ға кәсіби спортшы сынға түсіп жатыр. Ұпай санын еселеген олар маусым жеңімпазын қазан айында Алматы облысында анықтайды.