Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Алматы қаласында елімізде алғаш рет семсерлесуден Әлем Кубогы өтеді

Ұқсас жаңалықтар

5-6 қарашада Алматы қаласы елімізде алғаш рет өтетін семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогын қабылдайды. SADU Arena спорт кешенінде жарыстың 1-күні жекелей, ертесіне командалық сайыс жеңімпаздары анықталмақ.

Жалпы бәсекеде 10 елдің 50-ден астам атлеті шеберлік байқасады. Оның 22-сі қазақстандық. Мұнда әлем рейтингінде ұпай қорын молайтып алатын жақсы мүмкіндік бар.

Турнир қорытындысы бойынша келесі жылғы Әлем және Азия чемпионатына қатысатын жастар құрамасы жасақталады.

Almaty Jastar Saber Cup-ты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық семсерлесу федерациясы ұйымдастырады. Кездесулер өтетін жаңа құрал-жабдықтың бәрі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен SportQory қамқоршылық қорының қаржысына сатып алынды. Халықаралық семсерлесу федерациясы (FIE) ұйымдастыру жұмысы мен жалпы жарысқа бақылау жасайды.

Айта кетейік, баспасөз-конференциясы 4 қараша, Алматы уақытымен сағат 14:00-де SADU Hotel-дің конференц-залында өтеді. Бәсекенің ресми ашылуы 5 қараша, сағат 15:00-де SADU Arena-да (Әл-Фараби даңғылы, 128/7) болады.