Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы басталды. Кешенді жарыс қаладағы орталық стадион мен «Алматы Арена» алаңында өтіп жатыр. Бәсекеде еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан келген 275 спортшы бас қосты. Оның ішінде 164 еркек, 111 әйел.
Спартакиада дене шынықтыруды, спортты насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ рейтингтік халықаралық турнирлерге, оның ішінде Францияда өтетін 2024 жылғы ХХХІІІ жазғы олимпия ойындарына қатысатын Ұлттық құрамалар жасақтау мақсатында 4 жыл сайын ұйымдастырылады. Алғашқы күннің нәтижесі келесідей:
Ерлер 100 метр:
1 орын - Виталий Земс
2 орын - Алмат Төлебаев
3 орын - Данил Попов
400 метр:
1 орын – Ефим Тарасов
2 орын – Михаил Литвин
3 орын – Андрей Соколов
1500 метр:
1 орын – Сергей Сухов
2 орын – Вадим Левченков
3 орын – Максим Фроловский
10 000 метр:
1 орын - Коеч Шадрак Кимутай
2 орын - Данияр Орманғали
3 орын - Алимжан Балтабек
Биіктікке секіру:
1 орын - Владислав Бахтин
2 орын - Александр Тимошин
3 орын - Ақылжан Тоқтағалин
Ұзындыққа секіру:
1 орын - Евгений Киселев
2 орын - Зелимхан Насыров
3 орын - Ринат Қайсаров
Ядро лақтыру:
1 орын - Иван Иванов
2 орын - Данил Плотников
3 орын - Бексұлтан Елікбаев
Балға лақтыру:
1 орын - Алексей Владимиров
2 орын - Вадим Пунтус
3 орын - Олег Любимов
Әйелдер 100 метр:
1 орын - Ольга Сафронова
2 орын - Рима Кашафутдинова
3 орын - Маргарита Назаренко
400 метр:
1 орын - Александра Залубовская
2 орын - Элина Михина
3 орын - Анна Шумило
1500 метр:
1 орын - Кипкируи Каролин Чепкоеч
2 орын - Ақбаян Нұрмамет
3 орын - Аяна Болатбекқызы
10 000 метр:
1 орын - Дэйзи Джепкемей
2 орын - Татяна Нерознак
3 орын - Сания Құдайберген
Спорттық жүріс, 20 000 метр:
1 орын - Кристина Морозова
2 орын - Ясмина Тоханбаева
3 орын - Айман Ратова
Үш қарғып секіру:
1 орын - Диляра Хайбуллина
2 орын - Валерия Сафонова
3 орын - Диана Төреханова
Биіктікке секіру:
1 орын - Анастасия Колошина
2 орын - Диана Серік
3 орын - Влада Галина