18.09.2025 | 14:43
Бөлісу:
АЛЬМИР ТӨЛЕБАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН АЙҚЫН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінің шеберлері бозкілемге шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы Альмир Төлебаев (-82 кг) іріктеуде Үндістан өкілі Рахулды айқын басымдықпен ұтты. Есеп: 7-1.

Отандасымыз белдесу бойы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Төлебаевтың келесі қарсыласы - Молдова спортшысы.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық