18.09.2025 | 17:01
Бөлісу:
ДЕМЕУ ЖАДЫРАЕВ ХОРВАТИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНДА
Демеу Жадыраев серб спортшысы Алекса Иличті ұтып, Загребтегі әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Грек-рим күресінен команда көшбасшысы 1/8 айналымда қарсыласына есе жіберіп жатқан. Алайда тәжірибесінің арқасында Иличтің қателігін пайдаланып, 4 ұпай алды. Есеп: 8-6.
Жадыраевтың келесі қарсыласы – Нао Кусака (Жапония). Екі спортшы осыған дейін Париж Олимпиадасының финалында күрескен.

Өкінішке қарай, Марлан Мұқашев (-55 кг), Альмир Төлебаев (-82 кг) пен аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов 1/8 айналымда сүрінді. Марлан әлем рейтингінде 4-орында тұрған Артём Делянудан (Румыния), Альмир молдовалық Михаил Брадудан, Әлімхан украиналық Николай Кучмииден айласын асыра алмады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: