Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АНАСТАСИЯ ГОРОДКО – ПАРАЛЛЕЛЬ-МОГУЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Ұқсас жаңалықтар

Санаулы сəттер бұрын Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Алматы қаласында «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтіп жатқан фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол бүгін параллель могулда үздік шықты. Анастасия суперфиналда америкалық спортшы Рис Чэпделелейнмен жарысып, мәреге бірінші жетті.

1. Анастасия Городко (21.00 ұпай)

2. Рис Чэпделейн (14.00) АҚШ

3. Эбби Макларнон (АҚШ)

Тағы бір отандасымыз Юлия Фиклистова ширек финалға дейін жетіп, жалпы есепте 6-сатыдан көрінді. Ерлер арасында қазақстандықтар 1/16 кезеңнен ары аса алмады.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі/Шамкен Байырбек.