Бүгін Ұлттық құрама биатлоншысы Арина Крюкова Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы дүниежүзілік Универсиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 7,5 км қашықтықты 23 минут 17 секундта бағындырып, үздік үштікті түйіндеді. Арина алғашқы жатып ату кезеңінде барлық нысананы дәл жапса, екінші тұрып ату кезінде 2 оғы мүлт кетті. Әйтсе де, жылдамдық қосып, ел қоржынын қола жүлдемен толықтырды.