Италияның Падуя қаласында қылыштасудан Әлем Кубогы өтіп жатыр. Бүгін отандасымыз Артем Саркисян финалда жарыс қожайыны Мишель Галлодан 15:9 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстандық спорт жартылай финалда тағы бір италиялық Репеттиді (15:13) ұтқан.
Байрақты бәсекеге 27 елден 200-ден астам спортшы жиналған.