Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында әйелдер жүлдеге таласты бастады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін жарыс жолына 3 отандасымыз шығып, бәрі А тобында бақ сынады. Арай Нұрлыбекова (-71 кг) 225 кг бағындарып (101+124) 6-сатыға табан тіреді. Ал 76 кг дейінгі салмақта Аянат Жұмағали жалпы есепте 220 кг (95+125) нәтижемен 5-орыннан көрінді. Виктория Новикова да бесінші болды. Оның көрсеткіші 191 кг (83+108).
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.