12.05.2025 | 18:02
Бөлісу:
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ЕГОР ШЕРЕР ЖЕКЕ ЖАТТЫҒУДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ
Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатының 4-жарыс күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін А тобында 3 отандасымыз сынға түсті. Олардың арасында жақсы нәтижені Егор Шерер (-89 кг) көрсетті. Ол қос сайыста 345 кг бағындырып, алғашқы жұлқа көтеруде қола медаль жеңіп алды (165 кг).
Ал Асылжан Бектай жұлқа көтеруде 157 кг еңсеріп, серпе көтеруде 3 мүмкіндігінде сәтсіздікке ұшырады. Әлібек Рахымберді (-81 кг) 329 кг (145+184) нәтижесімен 7-сатыдан көрінді.
Ерлер, -89 кг. А тобы:
1. Рел Кванг Ро – 380 кг (Солтүстік Корея 168+212)
2. Даин Ли – 379 кг (Қытай, 176+203)
3. Юнхуа Пан – 372 кг (Қытай, 163+209)
4. Егор Шерер - 345 кг (165+180)

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АРТЁМ АНТРОПОВ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ