11.05.2025 | 23:42
Бөлісу:
ПЕТР ХРЕБТОВ АУЫР АТЛЕТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕНІ АЛЫП БЕРДІ
Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан командасы жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Петр Хребтов 73 кг дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды. Қазақ ауыр атлеті екі жаттығу нәтижесінде 333 кг еңсерді. Серпе көтеруде 146 кг және жұлқа көтеруде 187 кг. Бұл оған үшінші орын алуға мүмкіндік берді.
Алтын медальді Индонезия өкілі Абдулла Рамат Еркін жеңіп алды 360 кг (155+205), ал күміс қытайлық спортшы Хайфеннің 334 кг (145+189) еншісінде.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АРТЁМ АНТРОПОВ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ