Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Аян Тұрсын ушу спортында жүлде жеңіп алды

Ұқсас жаңалықтар

Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Ұлттық құрама қоржыны ушу спортының жүлдесімен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ушудың саньда бағдарламасында Аян Тұрсын қола жүлдегер атанды. Ол 52 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында жарыс қожайыны Юэяо Лиге есе жіберді.

Қытайдың ұлттық спорты – ушудың саньда түрі Азия ойындарының бағдарламасында 1998 жылдан (ерлер) бар. Әйелдердің бәсекесі 2010 жылы қосылды. Әйелдер екі салмақ (52, 60), ерлер бес салмақта (56, 60, 65, 70, 75) жүлделерді сарапқа салады.