Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ажар Салықова мен Ақәділ Шаймерденов кураштан Азия чемпионатында жүлде алды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында кураштан ересектер арасында Азия чемпионаты мрәесіне жетті. Биылғы бәсекеге барлығы құрлықтағы 20 елден 160-тан аса спортшы қатысып, 15 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Қазақстан құрамасы 6 бозкілем шеберін апарып, 2 жүлдеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 70 кг сынға түскен Ажар Салықова финалға дейін жетіп, бас жүлде жолында қытайлық балуанға есе жіберді. Ал 81 келіде бақ сынаған Ақәділ Шаймерденов жартылай финалда кейіннен чемпион атанған ирандық Мұхаммади Бариманлуға жол беріп, қола медальге ие болды. Бұл екі салмақ биыл Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін XIX жазғы Азия ойындарындағы кураш бәсекесінің бағдарламасында бар.

Осы жолы сары құрлық чемпионатын қабылдаған «Сяошань Линпу» спорт кешенінде күзде Азиада кезінде кураш, джиу-джитсу мен дзюдодан бәсеке өтеді.

Азия чемпионатының толық есебін мына жерден көре аласыздар.