16.09.2025 | 16:24
Бөлісу:
ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ: 3 СПОРТШЫМЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ
Хорватия астанасы Загребте әйелдер күресінен әлем чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін бозкілемге Ұлттық құрама сапынан 3 отандасымыз шығып, алғашқы белдесуде қарсыласына есе жіберді. Светлана Анкичева (-50 кг) Солтүстік Корея өкілі Мёнен Вонмен, Лаура Алмағанбетова (-57 кг) Яна Кристина Хемиаэмен (Финляндия), ал Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (-76 кг) Энрика Ринальдимен (Италия) күресті.


Енді қарсыластары финалға шықса, спортшыларымыз ертең жұбаныш кезеңіне қатысады. Ертең қалған 4 салмақта (-53, -62, -68, -72 кг) әйелдер арасында іріктеу кезеңі өтеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 ПАЛУАНЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 ПАЛУАНЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ