Канильо (Андорра) қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы II дивизионындағы әлем чемпионатында кезекті рет жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
А тобындағы үшінші матчта отандастарымыз Исландия командасын ұтты. Ойын 7:2 есебімен аяқталды (5:0; 2:1; 0:1)
01:18 - Куценко
05:29 - Саяхатқызы
11:19 - Саяхатқызы
14:24 - Шегай
19:56 - Фельзинк
23:06 - Саяхатқызы
33:08 - Оразбаева

Еске салсақ, алғашқы ойында қазақстандықтар Мексикадан 4:2 есебімен, кейін Тайбэйден (3:0) басым түскен. Келесі матчта хоккейшілеріміз 11 сәуірде Бельгия құрамасына қарсы өткізсе, 13 сәуір ақтық ойында Испаниямен кездеседі. Қазір 9 ұпай жинаған Қазақстан турнир кестесінде көш бастап тұр.