Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын әйелдер құрамасы белгілі болды

Ұқсас жаңалықтар

7-14 сәуір аралығында Астанада өтетін күрестен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі жарияланды. Бас бапкер Қайрат Сағадиев құрлық додасында жуырда Алматы қаласында өткен VI жазғы ҚР Спартакиадасында топ жарған балуандарға сенім артады.

Олар: Эллада Махяддинова (50 кг), Алтын Шағаева (53 кг), Марина Седнева (55 кг), Нилуфар Раймова (57 кг), Диана Каюмова (59 кг), Ирина Кузнецова (62 кг), Альбина Қайыргельдинова (65 кг), Елена Шалыгина (68 кг), Жамила Бақбергенова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг);

Айта кетейік, күрестен Азия чемпионаты Астана қаласында осымен 2-рет өтеді. Алғаш рет елорда 2014 жылғы сәуірде сары құрлықтың таңдаулы бозкілем шеберлері сынға түскен. Сол кезде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 2 күміс пен 7 қола медельге қол жеткізіп, жалпы есепте Ираннан кейін 2-орын алған.

Жалпы елімізде құрлық чемпионатын ең көп қабылдаған қала – Алматы (3 рет).