Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Бекәділ Шаймерденов Азиаданың күміс жүлдегері атанды

Ұқсас жаңалықтар

Бекәділ Шаймерденов (81 кг) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында кураштан күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы финалда өзбекстандық палуан Умид Эсановтан жеңіліп қалды.

Бекәділ алғашқы белдесуінде Навруз Каримзодты (Тәжікстан), ширек финалда Раттанан Каунсатанды (Таиланд), жартылай финалда Та Чун Хуанды (Тайпэй) таза жықты.

Айта кетейік, Өзбекстанның ұлттық спорты кураш сары құрлық Олимпиадасының бағдарламасына 2018 жылы Джакартада кірген. Қазақстанға алғашқы жүлдені Ерсұлтан Мұзаппаров (қола, 90 кг) алып берген.