Астанада Beeline Arena спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды. Екі күнге созылған бәсекеде 30 елдің 250-ге жуық спортшысы қатысты. Жалпы есепте Ресей құрамасы топ жарса, Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс және 13 қола жүлдеге қол жеткізіп, 2-орын алды. Үздік үштікті Түрікменстан түйіндеді. Ел намысын 42 спортшы (32 ұл, 10 қыз) қорғады. Жарыстың соңғы күнгі нәтижесі:
Алтын – Қалмұхан Тұрмаханбет (57 кг), Әділет Шалғынбекұлы (62 кг), Ақтөре Сұлтанбекұлы (75 кг), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг), Бекбол Нұрланұлы (100 кг).
Күміс – Данияр Кункубаев (68 кг), Эскерхан Осканов (100 кг).
Қола – Айбек Қазақбаев (62 кг), Рахмет Сапиев (82 кг), Нұрсұлтан Қожагелдіұлы (+100 кг).