Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Бибісара Асаубаева соңғы турда Екатерина Лагномен ойнайды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады. Бұл кезеңде топ жарудан 3 шахматшы үмітті. Қазір 10 турдан кейін отандасымыз Бибісара Асаубаева, ресейлік Александра Горячкина мен Чжу Цзинер 5½ ұпаймен көш басында тұр. Енді 11-турда Бибісара Асаубаева мен Екатерина Лагномен, ал Чжу Цзинер 8-сатыда келе жатқан грузиялық Нино Бациашвилимен шеберлік байқасады. Қалған жұптар мынадай:

Вайшали Рамешбабу – Нана Дзагнидзе

Александра Горячкина – Хампи Конеру

Харика Дронавалли – Полина Шувалова

Айта кетейік, кешегі турда Бибісара мен Нана Дзагнидзе демалған. Оныншы тур ойындарының нәтижесі:

Екатерина Лагно – Харика Дронавалли, ½ - ½

Полина Шувалова – Александра Горячкина, ½ - ½

Хампи Конеру – Нино Бациашвили – ½ - ½

Чжу Цзинер – Вайшали Рамешбабу – 1:0

Шешуші тур Дели уақытымен сағат 15:00-де басталса, марапаттау рәсімі кешкі сағат 19:00-де болады.