Отандасымыз Денис Никиша Нидерландтың Дордрехт қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем Кубогінің қорытынды 5-кезеңінде үздік атанды. Ол 500 метрге жарыста жалпы есепте 402 ұпаймен 1-орын алды.
Естеріңізге сала кетейік, Денис былтыр АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен Әлем Кубогі кезеңінде күміс жүлде жеңіп алған. Сосын, Алматыда өткен екі кезеңде алтын, күміс және қола медальге қол жеткізген.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық Абзал Әжғалиев үздік ондықтың (8-орын) қатарынан көрінді.