Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Диана Каюмова мен Эльмира Сыздықова қола жүлдеге қол жеткізді

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен 5 салмақтағы үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама қоржыны тағы 2 қола жүлдемен толықты. Диана Каюмова (59 кг) үшінші орын үшін белдесуде Үндістан өкілі Пушпа Ядавты 11:8 есебімен тізе бүктірді. Ал тәжірибелі Эльмира Сыздықова (76 кг) тағы бір үндістандық палуан Прия Прияны таза жықты.

Сондай-ақ қола жүлдеге таласқан тағы 2 қазақстандық спортшының жолы болмады. Зульфия Яхьярова (55 кг) қырғыз Аруке Кадырбеккызының, 68 кг дейінгі салмақтағы Альбина Қайыргельдинова жарыс қожайыны Гүлнара Таштанбекованың мықты екенін мойындады.

Ертең әйелдер күресінде қалған 5 салмақтағы жеңімпаз бен жүлдегерлер белгілі болады. Азия чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Суреттер: Қырғызстан күрес федерациясы.