Ақпанан бастап елімізде жазғы спорт түрлерінен VI Спартакиада өтеді. Төрт жылда бір рет болатын кешенді жарыс арқылы Олимпиада бағдарламасы кіретін спорт түрлерінен Ұлттық құрамалар жасақталады; Париж Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынатын халықаралық бәсекеге қатысатын спортшылар іріктеледі. Барлығы 20 команда (17 облыс пен 3 қала).
Елішілік Олимпиаданың шымылдығын балуандар түрмек. Бозкілем шеберлері 3-8 ақпан аралығында Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында күрестің 3 түрінен кім мықтыны анықтайды. Толық бағдарламасы:
Жарыстың басталуы жергілікті уақыт бойынша күнде сағат 10:30-да.
2 ақпан – командалар келетін күн, мандат және төрешілер комиссиясы.
3 ақпан – грек-рим күресі: 55, 63, 72, 82 және 97 келі салмақ
4 ақпан – грек-рим күресі: 60, 67, 77, 87 және 130 келі салмақ
5 ақпан – әйелдер күресі: 50, 53,55, 57, 59, 62, 68, 72 және 76 келі салмақ
6 ақпан – еркін күрес: 57, 65, 74, 86, 97 келі салмақ
7 ақпан – еркін күрес: 61, 70, 79, 92 және 125 келі салмақ.
Мұнда күрестің әр түрінен командадағы спортшы саны 15-тен аспауы қажет. Ал 5 салмақтың қайсысына 2 балуаннан қосатынын әр команда өзі анықтай алады. Жалпыкомандалық есепке ең үздік нәтиже көрсеткен спортшының нәтижесі ғана жазылады. Қайта жасақталған Ұлттық құрама Спартакиададан соң бірден наурыз айында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтетін Азия чемпионатына дайындықты бастайды.
Биылғы Спартакиаданың ресми ашылуы 30 мамырда Тараз қаласында ұйымдастыралады. Айта кетейік, биылғы жарыстар Спартакиаданың шешуші, 3-кезеңі. Осыған дейін алғашқы кезеңде аудан мен қала құрамасы анықталды. Сосын, олар 2-кезеңде облыс пен республикалық маңызы бар қалалардың құрамасына кіру үшін өзара шеберлік байқасқан еді.