Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Эльмира Сыздықова – Мысырдағы бәсекенің қола жүлдегері

Ұқсас жаңалықтар

Отандасымыз Эльмира Сыздықова Мысырдың Александрия қаласында өтіп жатқан Ибраһим Мұстафа атындағы рейтингтік турнирде 3-орын алды.

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық алғашқы кездесуде француз Синтия Весканды ұтқан. Алайда ширек финалда қытайлық Жуан Вангтен жеңіліп қалды. Жуан финалға шығып Эльмира жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Бұл кезеңде тағы бір отандасымыз Гүлмарал Еркебаевадан басым түсті. Қола жүлде жолында үндістандық балуанды таза ұтты.

Александриядағы бәсеке 26 ақпанда аяқталады.