28.03.2025 | 18:12

ЕРКІН КҮРЕСТЕН 4 ПАЛУАНЫМЫЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ШИРЕК ФИНАЛДАН БАСТАЙДЫ

Бүгін Иордания астанасы Амманда еркін күрестен Азия чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Назарыңызға нәтижесін ұсынамыз:

57 кг, іріктеу – Рахат Қалжан – Жеонг Ан (Оңтүстік Корея)

61 кг, ширек финал – Мұхамед Балғабай – Жамшид Шафаров (Тәжікстан)  немесе Ванхао Зу (Қытай)

65 кг, 1/8 айналым – Нұрсұлтан Садық – Жунсик Юн (Оңтүстік Корея)

70 кг, іріктеу – Начын Куулар – Ерназар Ахматалиев (Қырғызстан)

74 кг, 1/8 айналым – Нұрқожа Қайпанов – Магомедрасул Аслуев (Бахрейн)

79 кг, ширек финал – Дәулет Ергеш – Какамират Аширов (Түркменстан) немесе Махди Мұхаммед Юсефихаджав (Иран)

86 кг, ширек финал – Болат Сақаев – Батбилгун Наадамбат (Моңғолия) немесе Салимжони Халимзода (Тәжікстан)

92 кг, ширек финал – Азамат Дәулетбеков – Лин Зушен (Қытай)

97 кг, іріктеу– Ризабек Айтмұхан – Мұхамед Рудансиах (Индонезия)

125 кг, іріктеу – Нұрсұлтан Азов – Таики Ямамото (Жапония)

Ертең 57, 65, 70, 79, 97 кг дейінгі салмақтағы үздіктер анықталады. Қалған 5 салмақтағылар 30 наурызда бозкілемге шығады. Азия чемпионатын елімізде Qazsport пен Sport + телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес