Бүгін Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шешуші жарыс күні еркін күрестен Ұлттық құраманың бозкілем шеберлері 1 алтын, 1 күміс, 1 қола олжалады.
Алтын – Нұрқожа Қайпанов (-74 кг)
Күміс – Болат Сақаев (-86 кг)
Қола – Азамат Дәулетбеков (-92 кг)
Осылайша, Мадияр Құрамысов баптайтын команда 1 алтын, 2 күміс, 2 қоламен жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді.


Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.