Индонезия астанасы Джакартада винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогі жалғасып жатыр. Бүгін еліміздің ерлер құрамасы 10 метрден пневматалық тапаншамен нысана көздеуде финалға шығып, Түркия мергендерінен 16-2 есебімен жеңіліп қалды. Ұлттық құрама сапында Никита Чирюкин, Алексей Лотарев, Валерий Рахимжан өнер көрсетті.
Бұл қазақстандық мергендер Индонезияда қол жеткізген 5-медаль. Қазір 1 алтын, 3 күміс және 1 қоламен жалпы есепте 3-орынға жайғасты. Жалпы Джакартадағы бәсекеге 15 қазақстандық спортшы аттанды. Олардың бәрі Әлем Кубогі қарсаңында 10-26 қаңтар аралығында Кувейтте өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан. Әлем Кубогі 7 ақпанда мәресіне жетеді.