Хоккейден еліміздің жастар (U-18) құрамасы Болгария астанасы Софияда өткен әлем чемпионатының II дивизионындағы В тобының жеңімпазы атанды. Бүгін соңғы турда Ұлттық құрама Исландия хоккейшілерін 7-0 есебімен ұтты. Бұл ойында София Зубкова есеп ашса, Мадина Юсупова, Анастасия Филимонова мен София Раковская есепті еселей түсті.
Осылайша, қазақстандық хоккейшілер бес матчтың бәрінде жеңіске жетіп, 15 ұпаймен А дивизионына шықты. Бұған дейін біздің спортшылар Болгария (8-1), Жаңа Зеландия (7-1), Бельгия (5-3) мен Эстонияны (8-0) жеңген.


