18.07.2025 | 23:05
Бөлісу:
КӨРКЕМ ЖҮЗУ: КАРИНА МАГРУПОВА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН БАСТАДЫ
Сингапурда жалғасып жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Карина Магрупова өнер көрсетті.
Техникалық жаттығуда бақ сынаған Карина 232.2050 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш финалға қатысуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, осы сайыс түрінде әлемнің 35 елінен спортшылар жүлдеге таласып, тек 12-сі ғана финалға өтті. Финал 19 шілдеде өтеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: