Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Күрес: Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шықты

Ұқсас жаңалықтар

Жәмилә Бақбергенова Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатының жартылай финалында румын Александра Николетаны уақытынан бұрын ұтты. Есеп:12-2.

Енді қазақстандық балуан ертең 72 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында америкалық Амит Эролмен күреседі. Чемпионатты ширек финалдан бастаған Жәмилә әуелі өзбекстандық Светлана Окназаровадан басым түскен.

Ал былтыр Бақбергенова Ослода өткен әлем чемпионатында финалға жетіп, жапон Масако Фуруичиге есе жіберген.