Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Лаура Алмағанбетова мен Анастасия Панасович қола жүлдеге ие болды

Ұқсас жаңалықтар

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында әйелдер арасында барлық салмақтағы үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін палуандар қалған 5 салмақта сынға түсті. Ұлттық құрама спортшылары соның екеуінде жүлдеге қол жеткізді.

Анастасия Панасович 72 кг дейінгі салмақта қола медаль жолында өзбекстандық Озода Зарипбоеваны таза жықты. Сонымен қатар Лаура Алмағанбетова үшінші орын үшін белдесуде (57 кг) қырғызстандық Сезім Жұманазарованы айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатын 4 қола медальмен аяқтады. Кеше Диана Каюмова (59 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) қола алған.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.