16.09.2025 | 17:01

МАДИЯР ҚҰРАМЫСОВ ЗАГРЕБТЕГІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ЖАЙЛЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Еркін күрестен Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін Загребтегі әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бас бапкер бәсеке қорытындысыжайлы пікір білдірді. Хорватия астанасында біздің палуандар 10 салмақта сынға түсіп, 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Медаль иегерлері:

Асылжан Есенгелді (-61 кг)

Нұрқожа Қайпанов (-70 кг) 

Осыған дейінгі 5 әлем чемпионатындағы еркін күрестен біздің нәтиже мынадай:

2024 жыл – 1 алтын (Олимпиада бағдарламасына кірмейтін салмақтар бойынша өткен)

2023 жыл – 1 алтын, 1 қола медаль;

2022 жыл – 1 қола медаль;

2021 жыл – медаль алмады;

2019 жыл – 2 күміс, 2 қола медаль;

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес