Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Мәнерлеп сырғанаушылар Болгариядағы турнирде сәтті өнер көрсетті

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Болгария астанасы Софияда мәнерлеп сырғанаудан 2 дүркін әлем чемпионы Албена Денкова мен Максим Стависки атындағы Х халықаралық турнир аяқталды.

Ерлер арасында қазақстандық Диас Жиренбаев 186.84 ұпай жинап, қола жүлдегері атанса, әйелдер сайысында Багдана Рахишова 5-ші (137.46 ұпай), Ясмин Текик 6-орынға (130.24 балл) тұрақтады. Ал жасөспірім қыздар арасында Амина Шәлімбекова 6-сатыдан көрінді. Оның еншісінде 115.19 ұпай бар.

Сондай-ақ 1-разрядтағы мәнерлеп сырғанаушылар жарысында Екатерина Балюба күміс медальді жеңіп алды.

Айта кетейік, жыл сайын мұнда 10-нан астам елдің жас спортшылары келіп, өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алады. Денкова мен Стависки Кубогы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) Challenger сериясына кіреді, 2012 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылады.