Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Мергендер Азия чемпионатында 2 медальге қол жеткізді

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті.

Винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Қазақстан ерлер құрамасы тек Үндістанға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Біздің командадағы мергендер: Ислам Усейнов, Константин Малиновский, Илья Федин.

Ал осы бағдарламада еліміздің әйелдер құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Біздің команда сапында Арина Алтухова, Елизавета Безрукова, Александра Ле өнер көрсетті. Барлығы бұл бағдарламада құрлықтағы 17 елдің спортшылары бақ сынады.