Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ ҚЫТАЙДАҒЫ ГРАН-ПРИДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Михаил Шайдоров Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінде 2-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құраманың көшбасшысы қос жаттығудан кейін 276.17 балл жинады. Кеше Михаил қысқа бағдарламада 93.21 ұпай жинап, 2-орынға тұрақтаған. Бүгін еркін сайыста отандасымыз 182.96 балл алып, басымдығын сақтап қалды.

Еске сала кетейік, былтыр Шайдоров осы жарыстың қола жүлдегері атанған.

Ерлер арасында Шун Сато (Жапония) 278. 48 ұпаймен жеңіске жетті. Үздік үштікті француз Адам Сяо Хим Фа түйіндеді. Биыл турнирге 15 елден 60 спортшы қатысты.