Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Министр Кубогінің алғашқы жеңімпазы анықталды

Ұқсас жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында алғаш рет ұйымдастырылған ҚР Мәдениет және спорт министрі Кубогінің иегері анықталды. Финалда Нұр-Сұлтан қаласындағы Қ.Мұңайтпасұлы атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі жеңіске жетті. К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Алматы) 2-орынға ие болды. Үздік үштікті Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі (Қызылорда обл) түйіндеді.

Министр Кубогінің алғашқы жеңімпазы 5 млн, теңгеге ие болса, 2-орынға 3 млн, 3-орынға 2 млн, теңге табысталды. Ал төрешілер анықтаған әр спорт түріндегі номинация үздіктері мынадай:

Бокстан «Үздік техникасы үшін» – Расул Асаханов (80кг), Қ.Мұңайтпасұлы атындағы ОРММИК;

Еркін күрестен «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» – Данил Тәуірбаев (71 кг), К.Ахметов атындағы ОРММИК;

Дзюдодан «Үздік әдіс үшін» - Дияс Таңатқан (60 кг), Ә.Молдағұлова атындағы спорт интернаты;

Грек-рим күресінен «Көрермендердің көзайымы үшін» – Асанәлі Серікбаев (Қ.Мұңайтпасұлы атындағы ОРММИК). Аталған спортшылар 250 мың теңге сыйақы алды.

Жеңімпазға ауыспалы Кубокты ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев табыстады. Ал номинация иегерлерін бокстан 2 дүркін Олимпиаданың күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Болат Жұмаділов, дзюдодан Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев, еркін күрестен Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов, грек-рим күресінен Әлем чемпионатының 5 дүркін жүлдегері, Азия чемпионы Алмат Кебіспаев марапаттады.

Балалар жылы аясында ұйымдастырылып жатқан кешенді бәсеке балалар мен жасөспірімдер арасында спортты насихаттауға бағытталған. Министр Кубогінің бүгінгі қатысушылары – ертеңгі ел спортының болашағы.