20.04.2025 | 15:47

НҰРИЛА ТҰРЫСБЕКОВА ТАШКЕНТТЕГІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ҮЗДІК ҮШТІКТІ ТҮЙІНДЕДІ

Ташкентте (Өзбекстан) ат спортынан әлем кубогының кезеңі (CSI1*-W) жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін отандасымыз Нұрила кедергілерді еңсеруде N6 бағдарында Nagano B есімді жылқымен жүріп, үшінші орынға ие болды.

Жүлдегерлер:

1. Бекзод Курбанов Өзбекстан (Santos Hippica)

2. Андрей Тряпицын Қырғызстан (Florizzel)

3. Нұрила Тұрысбекова (Nagano B)

Дүбірлі додаға Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан спортшылары қатысып жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес