13.09.2025 | 23:19

НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІ ҮШІН КҮРЕСЕДІ

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан ересектер арасындағы еркін күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында Нұрқожа Қайпанов (-70 кг) пен моңғолиялық палуан Тумур-Очирын Тулга күш сынасты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Сары құрлық өкілдерінің арасындағы белдесуде Тумур-Очирын басым түсті. Отандасымыз ертең түнде қола медаль үшін сынға түседі. Қарсыласы жұбаныш кезеңінен кейін белгілі болады. Ал Йосиносукэ Аояги (Жапония) мен Тумур-Очирын Тулга бас жүлдені сарапқа салады. 

Айта кетейік, Нұрқожа былтыр Тирана қаласында осы салмақта әлем чемпионы атанған. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес