Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ольга Сафронова Астанадағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ұқсас жаңалықтар

Астана қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында 60 метрге жүгіруде қазақстандық Ольга Сафронова күміс жүлде жеңіп алды. Ол бұл қашықтықты 7.32 секундта жүгіріп өтті. Ирандық спортшы Фарзане Фасихи 7.28 секунд нәтижесімен қарсылас шақ келтірмесе, индонезиялық Валентин Ванеза 3-орын (7.37 секунд) иеленді.

Бұл Қазақстан қоржынына түскен 2-медаль. Сәл ертеректе Каролин Чепкоеч Кипкируи 3 мың метрге жүгіруде чемпион атанған.