26.03.2025 | 15:36
Бөлісу:
ОМАР САТАЕВ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА КҮРЕСЕДІ
Грек-рим күресінен 82 кг дейінгі салмақтағы Омар Сатаев Аммандағы Азия чемпионатында Босён Канды (Оңтүстік Корея) мерзімінен бұрын жығып, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Оның келесі қарсыласы жапониялық Иошида. Өкінішке қарай, Ілияс Гучигов (97 кг) Үндістан өкілі Нитешке есе жіберді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: