21.08.2025 | 12:11

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ ИСЛАМ СӘТПАЕВ АЗИЯ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден XVI Азия чемпионатында Ислам Сәтпаев іріктеуден сүрінбей өтіп, ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (микст) пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ атуда 631.7 ұпай жинап, 3-сатыға тұрақтады. Енді біраздан соң тағдаулы 8 мерген жүлделерді сарапқа салады. Финалды Qazsport телеарнасы тікелей эфирінде көрсетеді.

Еске сала кетейік, осы жаттығудағы Қазақстан рекорды Исламға тиесілі. Ол 2023 жылы Бакудегі әлем чемпионатында 632.7 балл алған.

Іріктеу кезеңінің толық нәтижесі мына жерде.

Командалық сайыс нәтижесі мына жерде.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес