Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ ИСЛАМ СӘТПАЕВ ПЕРУДЕГІ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА СЫНҒА ТҮСТІ

Ұқсас жаңалықтар

Перу астанасы Лимада нысана көздеуден және стенд атудан әлем кубогының 2-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Санаулы сәттер бұрын 50 метрден 3 позицияда оқ атудан ерлер арасындағы финал аяқталды. Париж Олимпиадасының қола жүлдегері (миксте) Ислам Сәтпаев бұл сында 8-орын алды. Ол шешуші кезеңде 403,7 ұпай жинай алды.

Мұнда алтын жүлдені Чехия мергені Иржи Пршиврацкий жеңіп алды. Күміс Хенрик Ларсен (Норвегия), қола Иштван Мартон Пениде (Мажарстан).

Айта кетейік, Ислам күндіз іріктеуде 591 ұпаймен 4-сатыға табан тіреп, ақтық сынға жолдама алған.

Команданың өзге өкілдері Константин Малиновский 29-шы, Никита Шахторин 31-орыннан көрінді.