Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстан ерлер құрамасы Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

Ұқсас жаңалықтар

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде эстафетада 2-орын алды, деп хабарлайды kazsports.kz.

А тобының финалында Қазақстанмен бірге Италия, Оңтүстік Корея мен Канада шеберлік байқасты. Бұл квартетте мәре сызығын Оңтүстік Корея бірінші болып қиды (7:01.850). Ал біздің Ұлттық құраманың нәтижесі: 7:07.972. Қола медаль Канадаға бұйырды.

Айта кетейік, кеше жартылай финалдағы алғашқы топта Қазақстан, Канада, Қытай мен Жапония құрамасы жарысып, 5 шақырымды 1-болып жарыс қожайындары бағындырды (7 минут, 9 секунд). Құрамында Абзал Әжғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша бар Ұлттық құрама олардан 2 секундқа қалып кетті (7:11 секунд).

Енді Әлем Кубогының келесі кезеңі 4-6 қараша аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді.