20.05.2025 | 17:48

ҚАЗАҚСТАН ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫ ЭЛИТАЛЫ ДИВИЗИОНМЕН ҚОШ АЙТЫСТЫ

Шайбалы хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы әлем чемпионатын аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Топтық кезеңдегі соңғы ойында Олег Болякин шәкірттері әлем чемпионатының күміс жүлдегері Швейцарияға айтарлықтай қарсылық көрсеткенімен, қарсыластар басым түсті.

Қазақстан – Швейцария 1:4 (1:0, 0:1, 0:3)

1:0 – 15:17 – Аркадий Шестаков (Бекетаев, Михайлис)

1:1 – 39:55 – Кевин Фиала (Мальгин, Кукан)

1:2 – 47:15 – Свен Андригетто (Мальгин, Мозер)

1:3 – 57:06 – Андрес Амбюль (Нидеррайтер, Фиала)

1:4 – 57:44 – Дамиен Райт (Кнак)

Қақпашылар: Павленко – Чарлин

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы көрсеткіштері:

5 жыл қатарынан элиталық дивизионда ойнаған Қазақстан құрамасы Бірінші дивизионға түсті.

Қазақстан барлық 7 кездесуде шайба салды.

Әлем чемпионатында барлық 3 қақпашымыз да дебют жасады (Павленко - 7 ойын, Әмірбеков - 1 ойын, Кудрявцев - 1 ойын)

⁃7 ойында 9 шайба соқты (1 кезең - 2 гол, 2 кезең - 2 гол, 3 кезең - 5 гол)

⁃Барлық матчта 32 шайба өткізіп алды (1 кезең - 5 гол, 2 кезең - 12 гол, 3 кезең - 15 гол)

Дәл соққылар статистикасы:

Қазақстан – 144

Басқа командалар - 229

Қазақстанның қатысуымен өткен ойындарды 35 588 жанкүйер тамашалады.

Ең үздік сұрмерген: Никита Михайлис - 3 шайба.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес