30.07.2025 | 14:48
Бөлісу:
ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІНЕ ТАЛАСАДЫ
Семсерлесуден Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан әлем чемпионатында сапы бағдарламасы бойынша жігіттеріміз жартылай финалда сүрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Эльмир Әлімжановтан жасақталған Қазақстан құрамасы жартылай финалда бітіспес қарсыласы, Токио Олимпиадасының чемпионы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапонияға жол берді.
Шиеленісті өткен сайыста отандастарымыз атақты қарсыластарына 41:42 есебімен есе жіберді.
Енді санаулы сәттен кейін Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін Мажарстан немесе Франция елімен сынға түседі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ҚАЗАҚСТАН СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫН ЖЕҢІП КЕТТІ