Қазақстан құрамасы Андорраның Канильо қаласында басталған шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатының II дивизионында тағы жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
А тобының 2-турында біздің команда Қытайдың Тайбэйіне жауапсыз 3 шайба соқты. Қарсылас қақпасын дәл көздегендер: Александра Шегай, Юлия Буторина, Анастасия Оразбаева.
Енді Қазақстан 10 сәуірде Исландиямен (Астана уақытымен 16:00) шеберлік байқасады. Жарысқа 6 құрама (Испания, Мексика, Тайпей, Исландия, Бельгия, Қазақстан) қатысып жатыр.