30.07.2025 | 17:41

ҚАЗАҚСТАН СЕМСЕРЛЕСУШІЛЕРІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАРИХИ ҚОЛА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Семсерлесуден Тбилисиде жалғасып жатқан жаһандық доданың соңғы күнінде сапы сайысынан сынға түскен Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов төрттігі үшінші орын үшін өткен бәсекеде тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы (1908, 1924, 1932, 1948, 1980, 1988, 2004, 2008, 2016) Францияны жеңіп кетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қос құрама 2023 жылдың ширек финалында да жолығып, Францияның бағы жанған еді. Сол сәттегі көрсеткіштеріміз жігіттеріміздің ең жоғарғы нәтижесі ретінде тіркелген еді.

Ерлер арасындағы сапы бағдарламасының командалық сайысы

Қазақстан - Франция  45:31

Осылайша, Франция үш әлем чемпионатынан кейін жүлдесіз қалып отыр. Олар 2019, 2022 жылдары алтын медаль және 2023 жылы күміс медаль алған.

Айта кетейік, әлем чемпионатындағы бұл жүлде - семсерлесуден ел тарихындағы командалық бәсекелерде жеңіп алған алғашқы медаль. Ал Руслан Курбанов жекелей сында медаль алған жалғыз спортшы. Ол 2023 жылы Миланда өткен әлем чемпионатында қолаға ие болған.

Қазақстанның жарыстағы жолы:

1/16 финал. Бейтарап спортшылар 45:35
1/8 финал. Қытай 38:37
1/4 финал. Италия 45:43
1/2 финал. Жапония 41:42
3-орын үшін талас. Франция 45:31

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес