Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстандық балуан қыздар Испанияда 10 медаль жеңіп алды

Ұқсас жаңалықтар

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан 17, 20 және 23 жасқа дейінгі санаттағы Jovenes Promesas халықаралық турнирінде он медаль жеңіп алды.

Қуаныш Жақсыбай баптайтын еліміздің бойжеткендері аталған додада ел қоржынына 8 алтын 2 күміс медаль салды.

Атап айтсақ, 50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Маркашева (53 кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты.

Қоржынымызға түскен екі күміс медальді Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) жеңіп алды.

Осылайша, командалық есепте бойжеткендеріміз 2-орынға ие болды.